Ақсу қаласында жартылай өртелген әйел адамның мәйіті табылды. Мүрде Ақсу ферроқорытпа зауытының маңына тасталған. Алдын ала мәлімет бойынша зорланған болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторын қамады. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.