Алматы облысында бір топ адам 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2026

Алматы облысында бір топ адам 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді. Қайғылы оқиға Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде болған. Оннан аса адам жас жігітті қоршап алып, аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан ол алған жарақатынан сол жерде тіл тартпай кеткен. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТЕМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

12 сәуір күні Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде орын алған адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары және уақытылы жолданған бағдарлардың нәтижесінде 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, бұзақылық фактісі бойынша тағы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, соттың шешімімен олардың екеуіне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ қолданылды. Ал кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты қылмыстық қудалау органы қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданды.