Павлодарда Ертіс өзеніне салынып жатқан көпірден тағы да өрт шықты

Павлодарда Ертіс өзеніне салынып жатқан көпірден тағы да өрт шықты. Бұл жолы көпірдің бір бағанындағы ағаш және тез жанғыш материалдар өртеніп кетті. Қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, биіктігі 30 метр болатын көпір бағанының негізгі тірегін сақтап қалды. Естеріңізге салайық, қаңтар айында екі рет өрт шығып, сөндірген болатын.

САМАТ ҚАБДЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде жетіп, өрттеніп жатқан жылу оқшаулығыш материалдар мен ағаш конструкцияларын сөндірді. Өрт сөндірушілер өртті жедел бақылауға алып, одан әрі таралуына және көпір құрылымына жайылуына жол берілмеді. Өрттің себебі анықталуда.