Республика бойынша 27 мыңнан астам ғимарат инклюзивті орта талаптарына сай бейімделген

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2026

Ерекше жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында республика бойынша 27 мыңнан астам ғимарат инклюзивті орта талаптарына сай бейімделген. Статистикаға сүйенсек, елде 752 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 15 пайызы - балалар. Оларды қоғамға бейімдеу - баршаға ортақ міндет. Осы мақсатта дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жатқан шаралар жеткілікті. Соның бірі - «Мейірім» инклюзивті музейлік балалар шығармашылығы фестивалі. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл жолғысы «Инклюзивті би: тең мүмкіндіктер алаңы» тақырыбына арналған. Астана, Қарағанды және Ақтау қалаларынан келген 140-тан астам ерекше жеткіншек сахна төрінде өнерлерін паш етті. Шара аясында Қазақстан мен Ресей сарапшыларының қатысуымен би арқылы оңалту мәселелері талқыланып, арнайы шеберлік сабақтары өткізіледі.

БИБІГҮЛ АРЫСТАНБЕКОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫ КІШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ерекше күтімді қажет ететін балалар тұйық мінезді болып келеді. Сондықтан олармен жұмыс істеудегі музейдің ең басты міндеті - бүлдіршіндерді қоғамға бейімдеу. Ал біздегі үйірмелер мен фестивальдерге қатысу арқылы олар ашыла бастайды.