Астанада «Шаттық–2026» гала-концерті өтті

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2026

Астанада «Шаттық–2026» гала-концерті өтті. Биыл 19-рет ұйымдастырылған ауқымды  жобаға елордадағы 129 білім беру ұйымынан 8 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысқан.  Олардың арасынан талантымен топ жарған 900-ден астамы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Қатысушылар хореография, вокал, театр, аспаптық жанр, хор өнері, бейнелеу өнері және фотосурет бағыттары бойынша бақ сынады. Осылайша, «Шаттық» байқауы жас дарындардың шығармашылығын шыңдап қана қоймай, елорданың мәдени өмірін жандандыратын ірі алаң ретінде тағы бір мәрте өз маңызын дәлелдеді.

ГҮЛМИРА ЖАНГЕЛДІҚЫЗЫ, ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ №3 БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жылдан жылға бұл байқаудың деңгейі өсіп келе жатыр. Балалардың қабілеттері, өнері, бойындағы шығармашылығы өсуі байқалады. Биыл балалар үшін ЖИ пайдалануға болатындығы қызықты болды. Және өте керемет туындыларды көрдік.