Қарағанды облысында еріктілер Нұра өзенінің жағасын тазалады. Ботақара кентінде өткен «Таза жағалау» экологиялық акциясына 100-ге жуық табиғат жанашыры қатысты. Еріктілер бірнеше топқа бөлінді. Қоқысты дұрыс сұрыптап, қабын бірінші толтырғандарға сыйлықтар берілді. Іс шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті. Облыс көлемінде 179 су айдыны болса, соның 104-і жеке шаруашылықтардың қарауында. Меншік иелері де тазалыққа мән беруі тиіс,-дейді экобелсенділер.
ЕРНАТ ӘБУТАЕВ, БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Таза Қазақстан» акциясы аясында, біздің экологиялық акциямыз ғой, осы тарапта жастар арасында кішкене де болса да стартап ретінде конкурстық бағытта ұйымдастырылды. Менің ойымша мұны жиі жасап тұру керек. Әсіресе жастар арасында. Себебі олар әрімен қарай мұны дамыта түседі деген ойдамыз.