Алдағы үш күнде бұршақ жауып, дауыл тұрады

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2026

Алдағы үш күнде елде ауа райы құбылады. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, төпелеп жаңбыр жауады. Кей жерлерде жауын нөсерге ұласып, тіпті бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Бұған қоса, республика бойынша жел күшейіп, таңғы уақытта қою тұман түседі. Республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтерілуі мүмкін.