Солтүстік Қазақстан облысында екі адам газдан уланып өлді

Солтүстік Қазақстан облысында екі адам газдан уланып өлді. Қайғылы оқиға Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында болды. 48 және 50 жастағы қос маман сорғы станциясының кәріз құдығын жөндемекші болып, ішіне түскен. Ізінше нысанның ішіндегі улы ауаны жұтып, есінен танып қалды. Оқиға орнына дереу жеткен дәрігерлер жәбірленушілердің өмірін аман сақтап қала алмады. Полицейлер аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал еңбек инспекциясы комиссия құрып, тексеріс жұмыстарын қолға алған.

АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Комиссия мүшелері бұл оқиғаның нақты себебі мен кінәлі тарапты анықтайтын болады.  Бұдан бөлек, аталған кәсіпорында қауіпсіздік талаптары мен еңбек заңнамасының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізілмек.