КПО экологиялық жобаларға 462 млн доллардан астам инвестиция салды

«Karachaganak Petroleum Operating B.V.» компаниясы Қазақстандағы экологиялық жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы салды. Олардың бірқатары Астанада өтіп жатқан Халықаралық RES 2026 EXPO көрмесінде таныстырылды. Өндірісте енгізіліп жатқан заманауи технологиялардың тиімділігі туралы алдағы сюжетте.

Халықаралық көрмеде КПО қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға және өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді ұсынды. Негізгі бағыттардың бірі – ілеспе газды тиімді пайдалану және оны кәдеге жаратудың ескірген тәсілдерінен бас тарту. Мұндай шешімдер шығарындыларды азайтып қана қоймай, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

МҰХТАР МАНКЕЕВ, KARACHAGANAK PETROLEUM OPERATING B.V. БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұнайды тапқан кезде ілеспе газ пайда болады. Ол газды да бізде қайта өңдеу мәселесі туындап тұрды. Бұрын бұлды өзіңіз білесіз, факелдерді жаққан кезде болды. Бірақ соның бәрін біз жаңа үздік технологияларды пайдалана отырып біз 99,95%-ға гапзды өңдеу процентін көтердік. Сонда бізге қазір қарап тұрсаңыздар сыртқа шығып кететін кішігірім, көлемі 0,05 пайыз болып тұр.

Халықаралық компания көрмеге бес бағыт бойынша жобаларын қойған. Мақсат экологиялық мәселелерді шешу. Онда тағы бір маңызды бағыт аталды. Ол – метан шығарындыларын бақылау. Компания бұл бойынша тұрақты мониторинг жүйелерін енгізіп, экологиялық талаптарды өндірістік процестерге біріктірген.

НОРБЕРТ ЖАЛЛЕ, KARACHAGANAK PETROLEUM OPERATING B. V. КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІС ТҰТАСТЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Біз OGMP бағдарламасына 2024 жылы қосылдық, бірақ іс жүзінде бұл бағытта көп жылдан бері жұмыс істеп келеміз – бізде ағып кетулерді анықтау және жою жүйесі қалыптасқан. Қазір мониторингтің 4 және 5 деңгейіне жетіп, Gold Standard Pathway мәртебесін алдық. Ендігі мақсатымыз – «алтын стандартқа» толық қол жеткізу.

Бұл жүйені компанияның экологиялық орталығы толықтырады. Мұнда өндірістік қалдықтардың 80 пайызына дейін қайта өңделеді. Алынған материалдар іс жүзінде, соның ішінде жол құрылысында пайдаланылады. Жалпы, кен орнын игеру басталғалы бері компания экологиялық жобаларға 462 миллион доллардан астам инвестиция салған. Ұсынылған шешімдер КПО-ның қоршаған ортаны жақсарту және экологиялық әсерді одан әрі азайтуға бағытталған.