Медициналық көмектің қолжетімділігі артты

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2026

Қазақстанда азаматтардың денсаулығын қорғау – мемлекет назарында. Конституцияға сәйкес, әр адам тегін медициналық көмек алуға құқылы. Бұл қызметтер әсіресе шұғыл жағдайда маңызды. Санитарлық авиация шалғай аймақтарға дер кезінде көмек жеткізеді, ал әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу тегін жүргізіледі.

БОТАКӨЗ ЕЛДЕСОВА, №1 МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тегін медициналық пакетке-жедел жәрдем, санитарлық авиация, алғашқы медициналық санитарлық көмек, сондай-ақ экстренный жағдайдағы стационарлық көмек кіреді. Әлеуметтік мәні бар аурулар-туберкулезді, АИТВ-тнфекциясын және басқа да әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу тегін пакетке кіреді, яғни барлық азаматтарға қолжетімді.