Атырауда “Ұлттық кітап күні” апталығы аясында “Бесқонақ” кітапқа ғашық ету амалы атты кездесу өтті. Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті студенттері елімізге танымал бір топ ақын-жазушылармен әдеби алаңда жүздесті. Рухани кездесуде адамның ұлттың рухани қазынасы саналатын кітаптың төңірегінде іңгіме қозғалып, жастарды кітап оқуға шақырды.
Бұл кездесуді ұйымдастырушылар “Бесқонақ” деп атапты. Тура мағынасында жастармен кездесуге келген елімізге танымал қазіргі қазақ әдебиетінің 5 өкілі. Ал, көркем мағынасында, көктемнің жайбырақат күнінде алай-дүлей ызғарын әкелер бесқонақ амалы секілді, бұл кездесу де жастар үшін санаға сілкініс сыйлар диалог боларынан үмітті ұйымдастырушылар.
НҰРЖАН ӨМІРБАЙ, С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ СТУДЕНТТІК БАСТАМАЛАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Олардың келуі болашақ мұнайшыларды тек қана индустрия, иненерия, геология бағытында ғана тәрбиелеп қана қоймай, олардың жүрегіне ұлттық рухтың қазақы құндылықтың рухани дәнін егіп кетсе деген біздің арман- мақсатымыз бар. Бүгінгі шарадан кейін үш мың студентіміз кітапқұмар болып ынтығып кетпейтіні анық, дегенмен санасында сәуле бар кемінде алты баламыз бір кітапқа ғашық болып кетсе, біздің шарамыздың текке өтпегендігі.
Әдеби алаңда жазушылар кітап оқу мәдениеті, оның маңызы туралы әңгіме қозғады. Көзі қарақты, ойы озық әрбір жас оқуы тиіс қазақ әдебиетінің классикалық туындылармен танысуға шақырды. Студенттер де көкейіндегі сауалдарға жауап алып, еркін форматта ашық пікір алмасты.
БЕЙБІТ САРЫБАЙ, ЖАЗУШЫ:
Келшелі бері кездесу біз үшін керемет, шын мәніне келген кезде, ойлы оқырмандар, сауатты адамдар жиналған орта. Олар әңгімелесу, пікірлесу, сырласу өте ғажап нәрсе. Біз сондай ләззатты сезіндік. Біз өз шығармамызды ғана насихаттап жүрген жоқпыз. Жалпы әдебиет, кітап туралы әңгіме айтып отырмыз.
Жиын соңында мұнай және газ университеті студенттері арасында тұрақты өтетін “Кітап кемір” сайысының жеңімпазы марапатталды.