Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» ауқымды ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» ауқымды ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды. Үздік деп танылған жүлделі 3 орын иегерлеріне 400 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай сыйлықтар табысталды. Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін нығайтып рухани- мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған ерекше жоба «Amanat» партиясының қолдауымен жүзеге асты.

Жоба алты, яғни «оқитын мектеп», «оқитын педагог», «оқитын әулет», «оқитын колледж», «оқитын университет», «оқитын мемлекеттік қызметші» деген 6 бағытта сайыс түрінде өтті. Оған барлығы 70 мыңға жуық адам қатысты. Бала, әкеш- шеше, немере, ата- әже барлығы белсене оқыған. Ұлттық бастама барлық ауыл – аймақта, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды. Қозғалыстың стратегиялық маңызын облыс әкімі марапаттау рәсімінде атап өтті.

ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бүгін бұл істі қолға алмасақ ертең саналы қоғам туралы сөзіміз бос ұран болып қалуы мүмкін. Байқап қарасақ әрқайсының өмірінде кітаптың алар орны ерекше. Бірі кітап оқып өз күшіне сене бастаса енді бірінің өмірге деген көзқарасы өзгерді.

Қатысушылар 15 кітапты оқып қана қоймай жүзбе-жүз кездесіп, бір- бірлерімен әсерлерімен бөлісіп тіпті шығармалар бойынша арнайы тест де тапсырды. {Жеңімпаздардың бірі – Шалқар әулеті жүлделі 2 орынға ие болды. Отағасы бүгін балаларды кітап оқуға баулитын ерекше лайфкахпен бөлісті.

ЖӘЛЕЛ ШАЛҚАР, «КІТАП ОҚИТЫН ӘУЛЕТ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ 2 ОРЫН ЖҮЛДЕГЕРІ:

Бұл байқауға қатыспай тұрып бұрыннан кітап оқимыз үйде. Демалыс күндері 1 сағат, жұмыс күндері жарты сағат оқу дәстүрі бар. Одан бөлек балаларыма ақша төлеп кітап оқытам. Мотивация болсын деп әр бетке 50 теңгеден кітап оқытам. Кішкене болса да балалардың уақытын тиімді өткізу үшін саналы, рухани бай болу үшін осы кітап оқу дәстүрін енгіздім.

Пилоттық жоба Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында іске қосылған болатын. Кеншілер шаһары ең жоғарғы нәтиже көрсетті.