Павлодар облысында бопсалаушылардың әрекеті тоқтатылды

polisia.kz

Павлодар облысында полиция бопсалаумен айналысты деген күдікке ілінген адамдар тобының әрекетін тоқтатты. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілер Павлодар қаласында заңсыз "алым-салық" схемасын ұйымдастыруды жоспарлаған. Нысана ретінде өз қатарластарын таңдап, олардан күш қолданамыз деп қорқытып, ақша талап етпек болған. Жедел іс-шаралар барысында екі колледж студенті ұсталып, қамауға алынды.

- Анықталғандай, күдіктілер күш қолданамыз деп қорқытып, қылмыстық ниеттерін жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер жасаған. Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Осылайша заңсыз әрекеттер ерте кезеңде тоқтатылып, оның әрі қарай дамуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, - деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.