Үндістанда емделіп жүрген 16 жастағы қазақстандық көз жұмды.
Ақпаратты әлеуметтік желіде марқұмның әпкесі жариялады. 16 жастағы жасөспірімнен қатерлі ісік анықталғаны белгілі болды.
"Құрметті Қазақ елі! Інімнің денесін елге тездетіп әкелуге көмектесіңіздерші. Ақша керек емес. Тек елшіліктен көмек қажет. Қатерлі ісік дертінен ем аламын деп Үндістанға кеткен болатын. Жүрегінің тромбы үзіліп, бүгін қайтыс болды. Кімге, қайда жүгінеміз белгілеп кетіңіздерші. Үнсіз қалмаңыздаршы", – деп жазды Перизат Болатқызы.
Жазбаның астындағы пікірлерде мәселенің шешілгені және жасөспірімнің денесі елімізге жеткізілетіні туралы айтылды.