Астанадағы №2 түзеу мекемесіне 300 жаңа кітап сыйлады

Астанадағы нөмірі екінші түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерге 300 кітап сыйлады. Енді олар тарихи туындыларды, қызықты хикаялар мен жігер беретін кітаптарды кедергісіз оқи алады. Бұл "Шекарасыз оқу" жобасының аясында қолға алынып отыр. Мұндай бастаманың басты мақсаты - сотталғандардың ой-өрісін дамытып, оларды жақсы жолға түсуге шабыттандыру.