World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 25 сәуірде ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шығады.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.
Күндізгі сессия
80 келі. Жібек Жарасқызы - Эмилия Котерска (Польша)
85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы - Валериж Уолтер (Германия)
60 келі. Виктория Графеева - Анета Элзивета Рыгельска (Польша)
Кешкі сессия
65 келі. Аида Әбікеева - Ошин Дирию (Бельгия)
51 келі. Алуа Балқыбекова - Ксиню Ки (Қытай)
80 келі. Диас Молжігітов - Уондерлей Перейра (Бразилия).