Көлсайда автокөлік жардан құлап кетті

Фото: Александр Павский

Көлсай көлінде автотұрақта тұрған автокөлік жардан төмен қарай құлап кетті. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы тұрақ аймағынан төменге қарай өздігінен домалап кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартты, ешкімге ешқандай талап-арызы жоқ, - деп хабарлады департаменттен.