Бүгін кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Фото: pixabay

Бүгін синоптиктердің болжауынша, Астана, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан облыстарында күн райы бұзылуы мүмкін.

Жауын-шашынның мол түсуі мен екпінді желдің күтілуіне байланысты тұрғындар жоспарларына ертерек қамданған жөн.

Елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.