2 жасар қыз құдыққа құлап кетті

Фото: pixabay

Шымкент қаласының 112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз баланың құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жіберілді. Келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне шығарды.

Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.