Абат Айымбетовке Ресейден ұсыныс түсті

Фото: aladop.kz

Қазіргі уақытта Румынияның “Петролул” клубында өнер көрсетіп жүрген отандасымызға Ресей Премьер лигасының командалары құда түсе бастаған, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ресейлік белгілі журналист Александр Троицкийдің айтуынша, көрші елдің клубтары Абатты өз қатарынан көргісі келеді. Дегенмен, шабуылшының өзі әзірге бағытын өзгерткісі келмейтін сыңайлы.

“Абатқа Ресей тарапынан қызығушылық бар, бұл анық. Бірақ форвардтың өзі нағыз Еуропада бағын сынауды көздейді. Бұл тұрғыда Румыния біріншілігі оған өте қолайлы.” – деп жазды инсайдер өзінің телеграм-арнасында.

Трансферлік ұсыныстарға қарамастан, Айымбетовтің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Қазіргі клубы “Петролул” турнирлік кестеде қиын жағдайда, сондықтан Абат үшін бірінші кезекте команданың элитадағы орнын сақтап қалу маңызды болып отыр.