Шымкент қаласында заңсыз онлайн-казино қызметі әшкереленіп, оның жұмысы тоқтатылды. Қылмыстық схеманы іске асыру үшін мобильді қосымша пайдаланылған. Ойын процесіне Қазақстаннан бөлек Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары да тартылған.
Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері клиент санын көбейту үшін мессенджерлер арқылы жарнамалық хабарламалар жіберіп, түрлі бонус пен ынталандыру жүйесін қолданған. Ұйымдастырушылар әр ойын үстелінен 3–5% көлемінде комиссия алып отырған. Сонымен қатар ойыншыларды жүйеде ұстап қалу мақсатында оларға виртуалды қаражат қарызға берілген.
Жалпы ақша айналымы 557 млн теңгеден асқан. Сондай-ақ тінту барысында ұйымдастырушының тұрғылықты жерінен есірткі заттары тәркіленді.
Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.