18 жастағы қазақстандық Грузияда өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото: Halyq Uni

Грузияда Қазақстан азаматы есірткінің аса ірі көлемдегі заңсыз айналымына қатысты күдікпен ұсталды. Оған 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдікті Имеретия өңірінде ұсталған.

Тінту кезінде күдіктілерден көп мөлшерде метадон және оны бөлшектеуге арналған құралдар тәркіленген.

Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.