Есірткі тасымалдаған 18 жастағы қазақстандық Грузияда ұсталды. 2008 жылғы қыз бен жігітке Имеретия өңірінде есірткіні сатып алу, сақтау және аса ірі көлемде сату деректері бойынша айып тағылды. Олар - Қазақстан мен Украина азаматтары. Грузия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тінту кезінде олардың уақытша тұрып жатқан орындарынан аса ірі көлемдегі метадон тәркіленген. Грузия Қылмыстық кодексінің 260 бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал Шығыс Қазақстан облысында 26 және 22 жастағы екі күдіктіні тінту барысында 70 келі дайын синтетикалық өнім, 4 тонна химиялық реагенттер мен прекурсорлар тәркіленді. Бұл - 250 мың бір реттік есірткі дозасы. Күдіктілер қылмыстық әрекетті интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы қашықтан жүргізіп келген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткі өндірісін ұйымдастырғандарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.