Алматы облысында ағайынды екі жасөспірім 17 жастағы бозбаланы өлтірді деген күдікке ілінді. Марқұмның жақындарының айтуынша, олар жас жігітке шабуыл жасап, содан кейін пышақ сұғып алған. Жарақаты ауыр болғандықтан, ол ауруханаға жетпей көз жұмған көрінеді. Оқиғаның мән-жайын тілшіміз Айгерім Есенкелді анықтады.
Оқиға қаңтар айында болған. Жангелді таныс қызын шығарып салуға шыққан. Жолда оларға бір топ жасөспірім ілесіп, шүйліккен көрінеді. Үйлеріне апарып, қысым көрсеткен, оның соңы төбелеске ұласқан. Марқұмның анасының айтуынша, күдіктілердің анасы да сол жерде болыпты.
ЖАНАР ТАЛҚАНБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
Анасы жүгіріп шығады. Төбелестің арасында анасын ұрайын деп ұрмайды ғой. Менің баламның қолы анасының жұдырығы иығына тиіп кетеді екен. Соны көріп тұрып 9 сынып оқитын бала өкпесінен и қолынан пышақтап, ауруханағада жетпей көз жұмып отыр ғой. 11 сынып бала отырып алған, таксист үшеуі барған. Баланы жатқызып апарған. Өзі қансырап жатыр, аузынан қан кетіп жатыр. Өзінің қанына өзін тұншықтырып апарып отыр.
Марқұмның жақындарының сөзінше, күдіктілердің анасы мектеп психологы болып жұмыс атқарған. Оқиғадан соң басқа ауылдағы мектепке орналысты дейді. Жақындары оның оқиғаға куә бола тұра жанжалды тоқтатпағанын түсіне алмай отыр. Оқиғаға қатысты іс сотқа жолданды.
ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
26.02.2026 жылғы 21 сағат 33 минутта Еңбекшіқазақ АПБ Тергеу бөлімімен 21.01.2011 ж.т. Садуакас Димаш Ғабитұлына қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы бойынша қылмыстық ісі тергелуде. Осы қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру барысында 21.01.2011 жылы туған Садуакас Елнұр Ғабитұлына қатысты ҚР ҚК 109-бабы 2-бөлігі 8-тармағымен қылмыстық іс бөлектеу қажет.
Марқұмның жақындары істің әділ жүруін сұрайды. Кінәлілердің тиісті жазасын алуын талап етіп отыр.