Елордада сән апталығы басталды

Астанада сән апталығы басталды. Үш күнге созылатын «Kazakhstan Fashion Week» шарасында отандық және шетелдік дизайнерлер бас қосады. 17 шебер күз-қыс маусымына арналған жаңа топтамаларын таныстырады. Биылғы жиынның  ерекшелігі танымал брендтердің мерейтойлары атап өтілмек. Бұл жоба еліміздің мәдени болмысын әлемге паш етуді көздейді.

АЛЕКСЕЙ ЧЖЕН, «KAZAKHSTAN FASHION WEEK» ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Сән апталығы деген сату жолы емес. Бұл -біздің елдің ұлттық, мәдени кодын көрсететін шара. Бүгін нағыз таланттар өз шабытынан шыққан керемет туындыларды көрсетеді. Ел-елден келген стилисттердің де мәдениетімен таныс боламыз.

ДИНАРА СӘТЖАН, «DINARA SATZHAN» БРЕНДІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Мемлекет креативті индустрияға көңіл бөле бастағаны байқалады. Қолдау жоқ емес, бар. Осындай халықаралық сән апталықтарының өтуі елдің стильге деген көзқарасын да өзгертуде.  20 жыл бұрын, ешқандай сауда орталығынан отандық өнімді көрмейтінбіз. Қазір даму бар екені сезіледі.