Астанада экология мен медиа сауаттылыққа арналған республикалық семинар өтті

Елорда балабақшаларында жаңа бағыттар енгізілмек . Астанада «ЭКО және МЕДИА - балабақшадағы инновациялық білім беру кеңістігі» тақырыбында екі күндік республикалық семинар өтті. «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандар мен шетелдік сарапшылар қатысты. Тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, заманауи оқыту әдістерін талқылады. Іс-шарада балалардың зерттеушілік қабілетін арттыру мәселесі айтылды.

ГҮЛМИРА АҚТАЙЛАҚОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БІРЛІК АУМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Осы балабақшадан бастап, тәрбие құндылығын, әрі экологиялық мәдениетті қалыптастыруда "Қарлығаш" балабақшасы республика деңгейінде жұмыс жасап жатыр. Осы жерде барлық бастамалар бастау алады.

ЛАДА ВЯТКИНА, ПЕРМЬ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Бұл - балабақша тәрбиесіндегі үлкен жаңалық. Бірінші күні экология тақырыбын қозғасақ, бүгін медиа саласына ерекше мән бердік. Қазіргі балалар үшін мұндай білімнің маңызы өте зор. Біз әртүрлі елдердің әдіскерлерімен кездесіп, өзара тәжірибе бөлістік. Бұл біз үшін таптырмас мүмкіндік болды.