Астанада «Run for Autism» қайырымдылық марафоны өтті

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2026

Астанада «Run for Autism» қайырымдылық марафоны өтті. Елімізде төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылған шара еріктілерден бастап ірі компания өкілдеріне дейінгі мыңдаған жанашыр жанның басын қосты. Марафонға 5 мыңға жуық адам қатысты. Өзге елдерден қосылған 130 қатысушы қашықтан жүгірді. Марафонның  мақсаты - аутизм мәселесіне қоғам назарын аударып, ментальды ерекшелігі бар жандарға қолдау көрсету.

ДИНАРА ГАПЛАН, «BOLASHAK CHARITY» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өздеріңіз байқағандай, мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған, есту қабілеті нашар, церебралды сал ауруы (ДЦП) және Даун синдромы бар жандар да қатысуда. Яғни, осы жүгіру арқылы біз мұндай адамдардың көп екенін және инклюзияның өте маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Үш жыл ішінде 42 миллион теңге қаржы жинады. Осы қаражаттың арқасында балабақшалар, мектептер мен колледждерде 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.