Ұлытау облысында 10 мыңға жуық азаматтың конституциялық құқығы қорғалды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Адам құқықтарын қорғау, оның ішінде конституциялық құқықтардың сақталуын бақылау прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі саналады. Жүргізілген қадағалау жұмысының нәтижесінде Ұлытау облысының прокуратура органдары 9 727 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады.
Атап айтқанда, Жаңаарқа ауданындағы «Жаңаарқа жылу» коммуналдық кәсіпорнында 115 қызметкерге қатысты зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген.
Жезқазған қаласында 5 954 мүгедектігі бар адамға мемлекеттік органдардың қажетті құжаттары рәсімделмеген, бұл аталған санаттағы азаматтардың кемсітушілікке ұшырауына әкелген.
Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, заңбұзушылықтар жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.