Алматыда сот орындаушы бюджеттен 4,2 млн теңге жымқырған

фото: gov.kz

Алматы қалалық прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Жеке сот орындаушысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2024 жыл ішінде алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулер шеңберінде өз қызметіне ақы ретінде бюджеттен заңсыз түрде 4,2 млн теңге алған.

Бір атқарушылық іс жүргізу бойынша төлем жылына бір реттен артық төленбеуі тиіс деген заң талаптарын бұза отырып, сот орындаушысы Әділет департаментіне 47 атқарушылық іс бойынша 76 рет қайталама есеп жолдап, сол арқылы ақшалай қаражатты заңсыз алған.

Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлға 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылды.