Қызылжарда екі аптада172 адамды кене шаққан. Алайда, вирустық энцефалит кездескен жоқ, дейді сала мамандары. Қауіп күшейгендіктен, құзырлы органдар жер жерде кенені улау жұмыстарын қолға алған. Әсіресе саябақ, елді мекен маңайындағы орман-тоғайлар және сауықтыру лагерлерінде дезинсекция белсенді жүргізіліп жатыр. Былтыр облыста кене шағудың мыңға жуық жағдайы тіркелген. Оның жетеуінде вирустық энцефалит анықталды.
ГҮЛИДА ЖӘКЕЕВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Кене энцефалитінің эндемиялық орталығы Айыртау ауданы болып табылады. Профилактиканың ең тиімді тәсілі ол вакцинация болып табылады. Вакциянацияға қызметі кене ошағына байланысты адамдар жатады. Биыл кенеге қарсы 360 адам жоспарланды. Қазіргі таңда сол 360 адам кене энцефалитіне қарсы вакцина алып жатыр.