Электр самокаттарын жалға беру талабы күшейеді

фото: pixabay

Электр самокатын тізгіндеушілер ғана емес, оны жалға беретіндерге де ереже қатаңдады.

1 шілдеден бастап оларға сақтандыру полисі міндеттеледі. Сонымен қатар әрбір самокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Осы арқылы көліктің маркасы, моделі, шыққан жылы және техникалық жай-күйі сияқты мәліметтерді тексеруге болады.