Бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары

Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК өрт қаупі ең жоғары өңірлерді атады.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Абай облысының орталығында, Қызылорда облысының шығысында өрт қаупі жоғары. Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтілуде, - дейді Қазгидромет мамандары.