Алматы облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірген. Оқиға осыдан 2 жыл бұрын болған. Әке мен бала арасында тұрмыстық кикілжің туындап, мас күйде болған ұлы әкесінің басы мен денесіне қолымен де, аяғымен де бірнеше мәрте соққы жасаған. Сарапшылар денеге кемінде 15 соққы тигенін анықтады. Ол кінәлі деп танылып, 9 жылға сотталды.