Жамбылда биыл үш айда 32 жасөспірім жүкті боп қалған

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2026

Жамбыл облысында биыл үш айда 32 жасөспірім жүкті боп қалған.  Дені-16-17-де. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға алаңдаулы. Талдау нәтижесі бойынша кәмелет жасына жетпей жүкті болғандардың едәуір бөлігі колледж студенттері екен. 12 қыз орта арнаулы білім алып жатыр, біреуі жоғары оқу орнында оқиды, тағы бірі кешкі мектепте білім алады. Сонымен қатар басқа аймақтың қалаларынан ауысып келген қыздар арасында екі жағдай анықталған.  Жыл сайын жасөспірімдерге скрининг жүргізіліп, дәрістер, тренингтер және ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылса да ерте жүктілік көрсеткіші азаймай тұр.  Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары алғашқы үштікте.

ГҮЛЗАДА ӘШІРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Әрбір медициналық мекемелерде  бізде жастар орталығы бар. Сол жерде біз жастарға көмек көрсетеміз. Урологтар бар, бинерологтар бар, генекологтар мен психологтар оқу ағарту министірлігімен құрылған жоспарменен бірге бірлесіп жұмыс атқаруда.