Алматыда 15 жасқа дейінгі 300-ден астам спортшы қатысқан халықаралық турнир өтті. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен және жақын шет елдерден келген жасөспірімдер жиналды. Турнирді Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығы «Sagadat Batyr» спорт клубы, Қорғаныс министрлігі және АМАNАТ партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырды. Сайыс барысында жас спортшылар өз салмақ дәрежелері бойынша бозкілемде күш сынасып, үздіктер анықталды. Жеңімпаздар арнайы марапатқа ие болды.
НҰРСҰЛТАН ОРЫНБАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «САҒАДАТ БАТЫР» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
Жыл сайын дәстүрлі түрде осы балалар мен жасөспірімдерге арнап Сағадат Нұрмағанбетовтың еске алуына джиу-джитсудан турнир өткіземіз. Мұндағы енді мақсатымыз Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовты жастарға насихаттау, жастарды әскери патриоттық бағытта тәрбиелеу.