Түркістан облысында Келес өзеніне ағып кеткен баланы іздестіру жұмыстары тоқтатылды

Түркістан облысында Келес өзеніне ағып кеткен 8 жасар баланы іздестіру жұмыстары тоқтады. Жазатайым жағдай 23-наурызда болған. Содан бері құтқару бөлімшелері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер жұмылдырылып,  іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүрді.  Әрбір ақпарат мұқият тексеріліп, болжамды учаскелер қайта-қайта қаралған.  Алайда, нәтиже болмады.  

ДӘУРЕН ЮСУПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Егер іздестіру-құтқару жұмыстары 1 ай ішінде оң нәтиже бермесе, судағы жазатайым оқиға қылмыстық іске қайта сараланып, тергелу ретімен құқық қорғау органдарына әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін беріледі. Аталған шешім барлық мүмкін болатын іздестіру шаралары толық жүргізілгеннен кейін қабылданды.