Павлодарда «AMANAT» партиясы шағын және орта бизнес өкілдері үшін ашық диалогтық алаң ұйымдастырды

Павлодарда «AMANAT» партиясы шағын және орта бизнес өкілдері үшін ашық диалогтық алаң ұйымдастырды. Іс- шара барысында кәсіпкерлерге салық заңнамасы, мемлекеттік сатып алулар, жер учаскелерін жалға алу, мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен мағлұмат берілді. Кәсіпкерлер өздерін толғандарған мәселелерін көтеріп, жауап алуға да мүмкіндік алды. Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, екінші деңгейлі банктердің мамандары да қатысты.  Алдағы уақытта бұндай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шағын және орта бизнес – ел экомикасының күретамыры. Жуық арада «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы бастамасымен «AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанаты өзінің жұмысын бастады. Осы жерде кәсіпкерлікке байланысты мәселелерді, өңірде болып жатқан кәсіпкерлікті дамыту, шешілмей келе жатқан түйінді мәселелер осылардың барлығын талқылап, орта салып шешу жолдарын қарастыратын боламыз.

ГҮЛБАНУ МАЙҒАРИНА, КӘСІПКЕР, БИЗНЕС КОУЧ:

Маркетингті қалай пайдаланады? Қазір 2026 жылы жаңадан инструменттер бар. Өйткені, біз бір жыл бұрын істеген көп нәрселер қазір уже келмейді. Сосын біз бесінші қала өтіп жатқанда байқағанымыз біздің кәсіпкерлерге көбінесе білім жетіспейді. Сол үшін бөлісіп қалай даму керек Ұлттық бренд ретінде сол біліммен бөлісіп жатырмыз.