Оралда YNTYMAQ комьюнити орталығы ашылды

Оралда «YNTYMAQ» комьюнити орталығы ашылды. Өңірдегі конфессияаралық келісімді нығайтуды көздейтін құрылым діни алауыздықтың алдын алып, теріс көзқарастағылармен күрес жүргізеді. Әлеуметтік желіде арандатушылардың әрекеті де мамандар назарынан тыс қалмақ емес. Тілшіміз жалғастырады.

Облыста сегіз діни конфессия ресми тіркелген. Арада өзара келісім орнаса да, теріс пиғылдағы діни ағымдар қарап жатқан жоқ. Сондықтан бүгін ашылған орталық олардың жолын кесіп, өзгенің насихатына жол бермейді.

МЕЙРАМБЕК КАБДОЛЛИН, БҚО ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жастармен әсіресе көп жұмыстанамыз. Бізге қазіргі уақытта 60-тың үстінде қалалық мектептерден ақпарат берілсе, 4 мыңнан астам оқушының ақпараты келіп тұр. 9-11 класс оқушыларының әлеуметтік желідегі былайша айтқанда саралау. Қандай әлеуметтік желіге тіркелді, кімді тыңдап жатыр, қандай деструктивті лидерлерді тыңдап жүр, осылардың барлығын бұғаттау мәселесімен айналысып жатырмыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, қазір дін саласындағы жұмыс жаңа цифрлық деңгейге өтті. Бүгін таныстырылған «YNTYMAQ BQO» мобильді қосымшасы - елде жоқ бірегей жүйе. Жасанды зерде күмәнді әдебиеттерді анықтап, аудиожазбаларды тәпсірлеп береді. Ал бұл - оңы мен солын танымаған жастарға үлкен көмек.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Көптен осындай орталықтың қажет екенін біз біліп жүрдік. Бірақ осыған жасыратыны жоқ, бір қолымыз жетпей жүр еді. Қауымдастықтың барлығымызға ортақ үй болатынына біз сенімдіміз. Елдегі барлық конфессиялардың татулығы, бірлігі, былай айтқанда қандай іс-шара болмасын бірлесіп атқарып жатырмыз.

Ынтымақта байланыс орталығы да ашылды. Енді тұрғындар өзін мазалаған сауалдарға қалаған уақытында жауап алады. Ал медиа орталықта сала мамандарының көптің көңілінен шығарн подкаст жазуына жағдай жасалған.