Түркістан облысында «AMANAT ARUY – 2026» байқауы өтті

«AMANAT ARUY – 2026». Түркістан облысында «AMANAT» партиясы  Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен ерекше байқау өтті. 

Шорнақ ауылындағы мәдениет үйінде өткен сайысқа аудандағы 13 бастауыш партия ұйымынан іріктелген арулар қатысты. Байқау ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпты насихаттауды, жас қыздардың бойына инабаттылық, парасаттылық пен ұлттық тәрбиені сіңіруді көздейді.  Қыздар   бірнеше кезең бойынша бақ сынады.  Ұлттық құндылық пен тәрбиені бір арнаға тоғыстырған  байқау  партияның «Мәдени мұра» жобасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі.

САҒЫНБЕК АСЫЛБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САУРАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жастарымыз бұл байқауға қатысу арқылы тек қана өздерінің өнерлерін көрсетіп қана қоймай, тарихы терең біздің әдет-ғұрпымызды жастардың бойына сіңіруге өз үлестерін қосып жатыр деп ойлаймыз. Енді мұндай бағыттағы шаралар алдағы уақытта жалғасатын табатын болады. Өйткені себебі біздің партиялық жобаларымыздың ішінде осы ұлттық  идеологияға қатысты көптеген жобаларымыз бар.