Қостанайда жас ақындар байқауы ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2026

Қостанай облысының Жангелдин ауданында ақын Кеңшілік Мырзабековтің 80 жылдығына арналған «Кеңшілік оқулары» жастар байқауы өтті. Шара барысында ақынның шығармашылығы насихатталып, оқушылар өлең оқып, өз туындыларын ұсынды. Жыр сайысының бірінші номинациясына ақынның ұрпақтары мен туыстары тарапынан 9 арнайы жүлде тағайындалды. Кешке зиялы қауым өкілдері қатысып, жастарға қолдау білдірді.