Алматының ботаникалық бағы бір күнге жабылады

Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматылықтардың сүйікті демалыс орындарының бірі — Бас ботаникалық бақ 1 күнге жабылады.

Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады. Ресми мәлімдемеге сәйкес, 4 мамырда ботаникалық бақта жоспарлы санитарлық жұмыстар жүргізіледі.

— Бұл күні бақ уақытша жабылады. Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00–ден 20:00–ге дейін жұмыс жасайды. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00–15:30, — делінген хабарламада.