Бүгін ауа сапасы қандай болады?

Фото: pixabay

1 мамыр күні ауа сапасының нашарлауы күтілмейді. Мамандарының айтуынша, еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды.

 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлардың жиынтығы. Оған баяу жел, тұман және инверсия жатады. Дәл осы факторлар елді мекендердегі ауа сапасының төмендеуіне тікелей әсер етеді. 

Мамандардың айтуынша, ластану деңгейі көбіне желдің жылдамдығына, жауын-шашын мен ауа температурасына байланысты қалыптасады.

Ауа райы қолайлы болғанымен, синоптиктер ауа сапасы нашарлаған кезде сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.

Тас жолдар мен ірі өнеркәсіп орындарына жақын жерде серуендеу уақытын қысқарту қажет.

Балалар мен жүкті әйелдерге ауасы лас жерлерден алшақ болған абзал.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиясы бар жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.

Физикалық белсенділікті ашық ауада емес, жабық спорт кешендерінде өткізген жөн.