"Қазгидромет” РМК-сы 2 мамыр күні еліміздің бірқатар өңірінде күн райының қолайсыз болу ықтималдығына байланысты ескерту жариялады.
Астанада түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-батыс желі соғып, екпіні 15 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Абай облысында күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысында таулы және жекелеген аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысындакүндіз солтүстік пен батыста жаңбыр, найзағай. Желдің бағыты ауысып, екпіні 15–20 м/с болады.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыста аздаған жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыста -2°С дейін үсік жүреді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай. Кей жерлерде -1°С дейін үсік болады. Жел 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жел бағыты өзгеріп, екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Батыс аумақта өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Кей жерлерде -1°С дейін үсік.
Жамбыл облысында кей аудандарда нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және күшті жел болуы ықтимал. Желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысында таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай. Кей жерлерде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Оңтүстікте өрт қаупі өте жоғары.
Қарағанды облысында жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман. Түнде -2°С дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысында кей аумақтарда жаңбыр мен найзағай. Өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Жел 23 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауылды жел, бұршақ күтіледі. Жел 28 м/с дейін жетеді. Кей жерлерде -2°С үсік.
Түркістан облысы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр, бұршақ, күшті жел күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын болуы мүмкін.
Ұлытау облысынад жел 15 м/с дейін күшейеді. Кей аумақтарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қазгидромет мамандары тұрғындарды ауа райының күрт өзгерісіне байланысты сақ болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.