Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: pixabay

Қазгидромет мәліметінше, еліміздің бірнеше аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

Республиканың бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, жекелеген аймақтарда бұршақ пен жел болуы мүмкін. Түнгі уақытта ауа температурасы 3°C дейін төмендеп, үсік жүреді.

Күндіз ауа температурасы мына өңірлерде жоғарылайды:

солтүстікте +15…+30°C дейін;

орталықта +17…+27°C дейін;

батыста +17…+32°C дейін.