Жасөспірімдер құтқарылды

Фото: gov.kz

ТЖМ құтқарушылар кәмелетке толмаған туристерді эвакуациялау бойынша түнгі операция жүргізді

Алматы қаласының Медеу ауданында, «Денсаулық баспалдағы» маңында 15 жастағы үш жасөспірім таулы аймаққа көтеріліп, өз бетінше түсе алмай қалған. Олар құтқарушылардан көмек сұрады.

Дабыл түскеннен кейін Республикалық жедел-құтқару жасағы «Барыс» құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірлесіп, көрсетілген ауданға дереу аттанды. Қараңғы уақытта таулы аймақпен жүріп отырып, олар жасөспірімдерге жедел жетті.

Оқиға орнына келгеннен кейін жасөспірімдердің медициналық көмекке мұқтаж еместігі анықталды. Құтқарушылар олардың таулы аймақтан қауіпсіз түсуін қамтамасыз етті. Жасөспірімдер ата-аналарына тапсырылды.