«Qalqan» цифрлық платформасы іске қосылды

Фото: ҚР денсаулық сақтау министрлігі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Qalqan» атты бірыңғай цифрлық платформаны енгізіп, МӘМС 2.0 жүйесіне көшуді бастады.

Жаңа жүйе медициналық қызметтерге жұмсалатын қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етіп, барлық үдерісті автоматтандыруға бағытталған. Енді есепке алу, тексеру және төлем жасау бір жүйеге біріктіріледі.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Алғашқы кезеңде медициналық ұйымдардың бірыңғай дерекқоры жасақталып, пациенттерді Face ID және QR арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді.

Пациенттер көрсетілген қызметті QR арқылы растап, барлық мәліметті жеке кабинеттен көре алады.