Алматы тауларында зардап шеккен азаматқа көмек көрсетілді

Бүгін Бостандық ауданында, Алма-Арасан визит-орталығы маңында теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте 1993 жылы туған ер адамның аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмай қалғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары «ҮАШ» БҚП»-мен бірлесіп жедел түрде шықты.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, зардап шеккен азаматты тауып, қажетті көмек көрсетті. Ер адам жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізілді.

Зардап шеккен азамат одан әрі тексеру үшін дәрігерлерге тапсырылды.