БҚО-да полицейлер ауыр хәлдегі әйелді шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті

полиция

Тәртіп сақшылары Аян Мұратов пен Кабденов Есболат ауыр халдегі әйелді тасымалдап келе жатқан автокөлікті жедел түрде алып жүру арқылы көмек көрсетті.

Полиция қызметкерлеріне көлік жүргізушісі жүгініп, шұғыл түрде ілесіп жүруді сұраған. Оның айтуынша, көлікте ауыр хәлдегі, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жолаушы болған.

Полиция қызметкерлері дереу “жасыл дәліз” ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, автокөліктің кедергісіз әрі барынша жылдам қозғалуын қамтамасыз етіп, оны медициналық мекемеге дейін жеткізді.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында науқас әйел дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды.