Алматыда құтқарушылар дәмханада болған өртті жедел сөндірді

ТЖМ

Алматы қаласының Әуезов ауданында Яссауи көшесінде орналасқан дәмхананың екінші қабатында жиһаздың жануы орын алды.

Оқиға орнына санаулы минуттарда жеткен өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, 50 шаршы метр аумақтағы өртті жедел түрде сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.