Павлодарда қатыгез әке 3 жасар қызын еденге ұрып өлтірген деген күдікке ілінді

Павлодарда қатыгез әке 3 жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді. Сұмдық оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. Тереңкөл ауданында тұратын 26 жастағы жігіттің 2 баласы бар. Алайда, ол 3 жастағы қызын басқа еркектен  болған деп күдіктенген. Сол себепті әйелімен жанжалдасып, өшін кішкентай қыздан алыпты. Сот барысында прокурор жаға ұстатарлық жағдайды жайып салды. Оның айтуынша, әкесі қызын 9 ай бойы ұрып, соғып, байлап қойған. Қайғылы оқиға болатын күні ол мас күйде келіп, қызын моншаға алып кеткен. Сол жерде небәрі 3 жастағы бүлдіршінді  көтеріп алып, бетон еденге лақтырған. Ауыр жарақат алған бала ауруханада  көз жұмды. Сотта әкесі қызын өлтіргенін мойындамады.  Күдіктіге екі бірдей бап бойынша іс қозғалған. Егер күдіктінің кінәсі расталса, өмір бойына сотталуы мүмкін.